Басты бет / Жаңалықтар /
заң, рақымшылық, сот
Фото: Depositphotos.com

Әкімшілік айыппұлдарға рақымшылық: кімдер айыппұл төлеуден босатылады?

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті әкімшілік айыппұлдарға қатысты рақымшылықтың кімдерге қолданылатынын түсіндірді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ведомствоның мәліметінше, 2026 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы №329-VIII Заңға қол қойылған.

Заңға сәйкес, азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің жекелеген санаттары әкімшілік айыппұл төлеуден босатылады.

Рақымшылық мына санаттарға қолданылады:

  • Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар;
  • жеке кәсіпкерлер;
  • жекеше нотариустар;
  • жеке сот орындаушылары;
  • адвокаттар;
  • заң консультанттары.

Бұл заң соттар салған әкімшілік жазаларға және «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңның 8-бабында көзделген жекелеген әкімшілік құқық бұзушылықтарға қолданылмайды.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook