Басты бет / Жаңалықтар /
газ, табиғи газ
Freepik AI

Жемқорлардан қайтарылған қаржыға газ стансасы салынып жатыр

Жемқорлардан қайтарылған активтер есебінен Жамбыл облысында «Шу» автоматтандырылған газ тарату стансасының құрылысы аяқталады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Үкімет бұл жобаға Арнаулы мемлекеттік қордан 2,9 млрд теңге бөлді.

Жаңа станса қандай мәселені шешеді?

Үкіметтің мәліметінше, жаңа газ тарату стансасының іске қосылуы жылыту маусымында газ тапшылығын жоюға мүмкіндік береді.

Қазір Шу ауданы табиғи газды Шу қаласынан 100 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан «Қордай» автоматтандырылған газ тарату стансасы арқылы алып отыр. Алайда оның қуаты тұтынушылар санының артуына есептелмеген. Жаңа нысан іске қосылғаннан кейін тұрғын үйлер, орталық қазандық пен кәсіпкерлік нысандары табиғи газбен тұрақты қамтамасыз етіледі, — делінген хабарламада.

Қанша адам газбен қамтылады?

Жоба аясында Шу және Мойынқұм аудандарының 84 мың тұрғыны тұрақты табиғи газға қол жеткізеді. Сонымен қатар жаңа абоненттерге техникалық шарттар беру қайта жанданады.

Қазір құрылыс алаңында 29 қондырғы мен жабдықтар жиынтығы орнатылып, блокаралық коммуникацияларды қосу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok