Басты бет / Жаңалықтар /
шабуыл
Видео скрині

«Сені зорлаймын». Ақтауда ер адам бойжеткенге шабуыл жасады

Ақтауда ер адам мен қыздың арасындағы жанжал әлеуметтік желіде тараған видеолардан кейін полицияның назарына ілікті. Оқиғаға қатысы бар тұлғалар ұсталып, қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Оқиға қалай болған?

Lada.kz мәліметінше, оқиға 2 тамыз күні таңғы сағат 08:00 шамасында Ақтау қаласының жағалауында болған.

Әлеуметтік желіде тараған видеолардың бірінде ер адамның қызды күштеп ұстап тұрғаны, ал қыздың қарсылық көрсетіп, босап шығуға тырысқаны көрінеді. Оқиға куәгерлері араласып, жанжалдың ушығуына жол бермеген. Тағы бір бейнежазбада ер адам қызға «Сені зорлаймын» деп қоқан-лоқы көрсеткені естіледі.

Жанжал кейін жолдың жүріс бөлігіне ұласқан. Қыз ер адамнан қашып, өтіп бара жатқан көліктердің біріне мінген. Ал ер адам оның соңынан қуып жетіп, көліктің есігінен ұстап алған. Осы сәтте жүргізуші көліктен түсіп, қызға көмектесуге ұмтылған, — делінген хабарламада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от НОВОСТИ АКТАУ И МАНГИСТАУ (@ladakz)

Полиция не мәлімдеді?

Маңғыстау облысының полиция департаменті оқиғаға қатысы бар барлық тұлғаның жеке басы анықталғанын хабарлады. Олар Ақтау қалалық полиция басқармасына жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізіліп жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram