Басты бет / Жаңалықтар /
алматы, демалыс, халық, ауа райы
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қазақстанның бір бөлігінде жаңбыр, оңтүстікте аптап ыстық болады

3 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал солтүстік, орталық және шығыс өңірлердің жекелеген аумақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қай өңірлерде жаңбыр жауады?

Синоптиктердің болжамынша, Астана, Ақтөбе, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей және Өскемен қалаларында өткінші жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Елдің қалған бөлігінде, оның ішінде Алматы, Шымкент, Қонаев, Тараз, Түркістан, Қызылорда, Ақтау, Атырау және Орал қалаларында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қай өңірлерде аптап ыстық болады?

Ең жоғары ауа температурасы Алматы, Қонаев және Талдықорған қалаларында тіркеледі. Бұл өңірлерде күндіз ауа температурасы +36…+38 градусқа дейін көтеріледі.

Шымкент, Тараз, Түркістан, Семей және Өскеменде +35…+37 градус, Қызылорда мен Оралда +33…+35 градус, Атырауда +32…+34 градус ыстық болады.

Ал ең салқын ауа райы Қостанай (+21…+23°) мен Ақтөбеде (+24…+26°) күтіледі.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook