«Қазгидромет» 2 тамызда дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде аптап ыстық, найзағай, бұршақ, қатты жел соғып, өрт қаупі жоғары болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Астанада жаңбыр мен бұршақ күтіледі
2 тамызда Астана қаласында қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Алматыда аптап ыстық болады
Алматыда күндіз ауа температурасы +36…+38 градусқа дейін көтеріледі. Қалада төтенше өрт қаупі жоғары.
Шымкентте де өрт қаупі жоғары
Шымкентте 2 тамызда төтенше өрт қаупі жарияланды.
Елдің оңтүстігі мен батысында +42 градусқа дейін ыстық болады
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде ауа температурасы +40…+42°С-қа дейін жетеді. Бірқатар облыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Кей өңірлерде найзағай, жаңбыр, бұршақ, дауыл және секундына 15–25 метрге дейін жететін қатты жел болуы мүмкін.
