Басты бет / Жаңалықтар /
дроппер, алаяқ
Фото: Жасанды интеллект

«Оңай табыс» опық жегізуі мүмкін: Полиция дроппер туралы ескерту жасады

Қазақстан полициясы азаматтарды алаяқтардың дроппер схемасына алданып қалмауды ескертті. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қаскөйлер «оңай табыс» ұсынып, адамдарды заңсыз қаржы операцияларына тартуы мүмкін. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Полицияның мәліметінше, дроппер – сыйақы үшін өз банк картасын, шотын немесе мобильді банкингіне қолжетімділікті алаяқтарға беретін адам. Олар бұл мәліметтерді қылмыс жолымен алынған ақшаны аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдаланады.

Алаяқтар мұндай әрекетті қосымша табыс көзі ретінде көрсеткенімен, іс жүзінде азамат заңсыз қаржы операцияларының қатысушысына айналады.

Осыған байланысты полиция тұрғындарды:

  • банк картасын бөгде адамдарға бермеуге;
  • шот нөмірі мен реквизиттерін таратпауға;
  • SMS арқылы келетін растау кодтарын ешкімге айтпауға;
  • мобильді банкингке қолжетімділікті үшінші тұлғаларға бермеуге шақырды.

Құқық қорғау органдары мұндай әрекеттердің ауыр құқықтық салдары болуы мүмкін екенін ескертеді. Банк шоты қылмыс схемасында пайдаланылса, оның иесі заң алдында жауапқа тартылуы ықтимал.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok