Басты бет / Жаңалықтар /
тау
Фото: Gov.kz

Қазақстан альпинисі Конституция мен домбыраны Памир шыңына алып шықты

Қазақстан альпинисі әрі Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық-драма театрының әртісі Әлібек Қайырбек Памир тау жүйесіндегі биіктігі 6148 метр болатын Раздельная шыңына Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қазақтың домбырасын алып шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Экспедиция «Әлем шыңдарындағы домбыра» халықаралық мәдени-патриоттық жобасы аясында ұйымдастырылды. Жоба мақсаты – Қазақстан мәдениетін, мемлекеттік рәміздерін және ұлттық құндылықтарын халықаралық деңгейде насихаттау.

Раздельная шыңында Әлібек Қайырбек домбырамен қазақ күйлерін орындап, Қазақстан Республикасының Конституциясын көтерді. Халықаралық экспедициялар барысында ол өзге елдердің альпинистеріне Қазақстан тарихы, мәдениеті, мемлекеттік рәміздері және Ата Заңы туралы таныстырады.

Айта кетейік, 2025 жылы Конституцияның 30 жылдығына орай Әлібек Қайырбек тарихта алғаш рет Қазақстан Конституциясын Гималайдағы Айленд-Пик шыңына алып шыққан еді. Биыл ол осы дәстүрді жалғастырып, елдің негізгі заңын Памирдегі Раздельная шыңына көтерді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бастама Қазақстанның халықаралық беделін арттыруға, ұлт мәдениетін, Конституция құндылықтарын және Отансүйгіш рухын дәріптеуге бағытталған.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok