Басты бет / Жаңалықтар /
Каспий құбыр консорциумы
Фото: Каспий құбыр консорциумы

Елімізде мұнай тасылмалдайтын Каспий құбыры жұмысын тоқтатты ма?

31 шілдеде КҚК мұнай құбырының жұмысын уақытша тоқтатты. Алайда 1 тамыздан бастап Каспий құбыры мұнай қабылдау жұмысын қайта бастады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Кейінгі кезде Каспий құбыр консорциумының жұмысы толық тоқтайтыны жайлы ақпарат тарады. Алайда энергетика министрлігі мұндай жоспарды қарастырмағанын хабарлады. 31 шілде күні Каспий құбырының жұмысы уақытша тоқтатылды. Дегенмен жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау мен резервуарлар паркін толтыру жұмысы жалғасып жатыр.

1 тамыздан бастап бір тәулікте мұнай қабылдау көлемі — 100 мың тонна. Мұнайды тасымалдау көлемін ұлғайту теңіз терминалында танкерлердің тиеуге уақтылы қойылуына байланысты анықталады, — делінген хабарламада.

Жағдайды энергетика министрлігі бақылап отыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram