Қазақстан спортшылары семсерлесуден Гонконгта өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында алтын жүлде алған еді. Чемпиондарды Дене шынықтыру және спорт істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин қарсы алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметі бойынша, Руслан Есеналин спортшылар мен жаттықтырушыларды тарихи жеңіспен құттықтап, бұл жеңіс семсерлесуді дамытуға бағытталған жұмыстың нәтижесі екенін айтты.
Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы әлемдік рейтиңде Швейцария мен Франциядан кейінгі үшінші орынға көтерілді.
Ұлттық құраманың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін Қазақстан семсерлесу федерациясы туризм және спорт министрлігінің қолдауымен әлемдік семсерлесудегі беделді мамандардың бірі – Украина бапкері Александр Горбачукті арнайы шақырды. Ол Жапония құрамасымен жұмыс істеген жылдары Олимпиада чемпиондарын даярлауға елеулі үлес қосты. Осындай деңгейдегі маманды тарту заманауи дайындық әдістемесін енгізуге, оқу-жаттығу процесінің сапасын арттыруға және Қазақстан құрамасының әлемдік аренадағы бет-бейнесін нығайтуға мүмкіндік берді, — делінген хабарламада.
