Басты бет / Жаңалықтар /
SIM-карта, сим карта
Фото: Жасанды интеллект

Қытайда SIM-картаны маркетплейстер арқылы сатып алуға тыйым салынды

Қытайда 1 тамыздан бастап интернет арқылы жаңа SIM-картаға тапсырыс беру тәртібі өзгерді. Енді SIM-картаны тек байланыс операторларының ресми сайттары мен мобильді қосымшалары арқылы ғана рәсімдеуге болады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Неліктен мұндай шешім қабылданды?

Жаңа талап China Mobile, China Telecom және China Unicom операторларына қатысты. Бұдан былай маркетплейстер мен үшінші тарап сайттары арқылы SIM-карта сатуға рұқсат берілмейді.

Операторлардың мәліметінше, өзгеріс пайдаланушылардың қауіпсіздігін күшейту және интернеттегі заңсыз әрекеттердің алдын алу мақсатында енгізілді.

Ресми емес платформаларда:

  • операторлардың атынан алаяқ сатылымдарs жасалған;
  • клиент жеке деректері заңсыз жиналған;
  • тариф шектеулері жасырылған;
  • жалған жарнамалар жарияланған;
  • сатып алушылардың құқықтарын қорғау мен ақшаны қайтаруда қиындықтар туындаған.

Rейбір сатушылар SIM-карталарды рұқсат етілмеген өңірлерге заңсыз сатқаны анықталған.

Бұған дейін тапсырыс бергендер не істеуі керек?

Жаңа талапқа қарамастан, кейбір маркетплейстер әлі де арзан бағамен және үлкен интернет-пакеттерімен SIM-карталарды ұсынуды жалғастырып келеді.

Пайдаланушы SIM-картаға тапсырыс беріп, бірақ оны әлі іске қоспаған болса, операторлар сатушымен хабарласып, тапсырыстың әрі қарайғы тағдырын нақтылауға кеңес береді.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram