Басты бет / Жаңалықтар /
көлік, көше
Фото: Нұрназар Әмзе

Алматыдағы Абай даңғылында көлік қозғалысы шектеледі

Алматыдағы Абай даңғылы мен Жароков көшісінде газ құбырын жөндеу жұмысына байланысты екі  күн көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қай уақыт аралығында көлік қозғалысы шектеледі?

Алматы әкімдігінің мәліметінше, 1 тамыз сағат 06:00-ден 2 тамыз сағат 24:00-ге дейін Абай даңғылы мен Жароков көшесі жабылады.

QazaqGaz Aimaq АҚ өндірістік филиалының өкілдері газ тарату желілерін жаңғырту жобасы аясында газ құбырының өткелін салып жатқанын хабарлады. Бұл жөндеу жұмысы қаланың газбен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыруға және оны дамытуға бағытталған.

Алматы әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарына жол жүру бағытын алдын ала жоспарлау керек екенін ескертті. Сонымен қатар уақытша жол белгілеріне жүгініп, жол қауіпсіздігін қамтитын қызметкерлердің нұсқауын сақтау керек.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram