Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісінен кейін премьер-министр Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Президент не деді?
Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысы жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза болуына байланысты Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге, жақындарынан айырылған отбасыларға және Жапония халқына көңіл айтты.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болғандардың туыстарына сабыр тілеп, жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Жапонияда не болды?
Айта кетейік, бұған дейін Жапонияның Кумамото префектурасында кейінгі 10 жылдағы ең жойқын жер сілкінісі болған еді.
