Басты бет / Жаңалықтар /
полиция
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Көшеде қолына пышақ ұстап, тұрғындарды шошытқан ер адам ұсталды

Алматыда Райымбек пен Сүйінбай даңғылдарының қиылысында қолына пышақ ұстап жүрген ер адам полиция қызметкерлері тарапынан ұсталды. Оқиға туралы құқық қорғау органдарына белсенді азаматтар хабарлаған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Оқиға қалай болды?

Полицияның мәліметінше, Жетісу ауданының патрульдік полиция экипажы оқиға орнына жедел жетіп, күдіктіні бірден анықтап, ұстаған.

Полицейлердің жедел әрекетінің арқасында көшеде жүрген тұрғындардың ешқайсысы зардап шекпеген. Алдын ала мәлімет бойынша, ұсталған ер адам мас күйде болған.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Полиция не мәлімдеді?

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның отбасында жанжал туындаған. Сөзге келіспеушіліктен кейін ол асүй пышағын алып, көшеге шыққан. Қазір аталған дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тексеру жүргізіп жатыр, — делінген хабарламада.

Полиция ұсталған азаматтың әрекетіне құқықтық баға берілетінін хабарлады.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram