Басты бет / Жаңалықтар /
кепкен жеміс, базар, азық-түлік, сауда, көк базар
Фото: Ерқанат Аманкел

Еліміздің қай өңірі көкөністі, қай өңірі етті көбірек тұтынады?

2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда негізгі азық-түлік өнімдерінің басым бөлігін тұтыну көлемі артқан. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Бұл халықтың тұрмыс деңгейі бойынша үй шаруашылықтарына жүргізілген іріктемелі зерттеу нәтижесінде анықталды.

Қандай азық-түлік өнімдерін тұтыну артты?

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, бір тұрғынға шаққанда тоқсан ішінде ет және ет өнімдерін тұтыну 20,6 кг-нан 20,7 кг-ға өсті. Сонымен қатар сүт және сүт өнімдерін тұтыну 57,2 литрден 58,1 литрге, жұмыртқа 52 данадан 54 данаға, көкөніс 18,3 кг-нан 18,7 кг-ға, картоп 11,3 кг-нан 11,4 кг-ға, ал балық пен теңіз өнімдері 3,5 кг-нан 3,6 кг-ға дейін артқан.

Ал жарма және дәнді дақылдар өнімдерін тұтыну 31 кг-нан 30,6 кг-ға төмендеген. Сонымен қатар жеміс, жидек пен жаңғақ тұтыну 17,5 кг-нан 17,4 кг-ға, қант, тосап және бал тұтыну 10,8 кг-нан 10,3 кг-ға азайған. Майлар мен тоңмайларды тұтыну деңгейі өзгеріссіз қалған.

2026 жылдың алғашқы тоқсанында бір тұрғын орта есеппен 11,4 кг картоп, 6 кг бірінші сұрыпты ұннан дайындалған бидай наны, 6 кг сиыр еті, 4,8 кг алма, 4,6 кг құмшекер, 4,2 кг күріш, 3,1 литр айран, 2,6 кг макарон өнімдері, 2,4 литр шикі сүт, 2,1 кг жаңа немесе салқындатылған балық, 54 жұмыртқа және 0,3 кг қара шай тұтынған.

Қай өңірлерде көкөніс пен ет көп тұтынылады?

2026 жылдың I тоқсанында жан басына шаққандағы көкөніс тұтыну көлемі орта есеппен 18,7 кг болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,2% артқан.

Қала тұрғындары көкөністі ауыл тұрғындарына қарағанда көбірек тұтынған. Қалалық жерде бір адамға орта есеппен 19,3 кг, ал ауылдық жерде 17,6 кг көкөніс келген.

Көкөністі ең көп тұтыну Алматы қаласында тіркелген – 23,2 кг. Одан кейін Жетісу облысы (22,8 кг) және Түркістан облысы (21,4 кг) орналасқан. Ең төменгі көрсеткіштер Шығыс Қазақстан облысында (16,5 кг), сондай-ақ Абай және Алматы облыстарында (әрқайсысы 16 кг) байқалған.

Ал ет және ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан, Жетісу, Ақмола және Қарағанды облыстарында тіркелсе, ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында байқалған.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok