Басты бет / Жаңалықтар /
түнгі астана
Фото: El.kz

Көлік ішінен ауаға екі рет оқ атқан: Астанада ер адам 10 тәулікке қамалды

Астанада қоғамдық орында дабыл тапаншасынан оқ атқан 29 жастағы ер адам жауапқа тартылды. Тексеру барысында ер адамның оқиға кезінде мас күйде болғаны анықталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Полиция қызметкерлері автокөлік салонында отырып, дабыл тапаншасынан ауаға екі рет оқ атқан ер адамды анықтап, ұстаған.

Тексеру барысында оның масаң күйде болғаны белгілі болды. Қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал қаруды заңсыз сақтау және алып жүру дерегі бойынша жиналған әкімшілік материал соттың қарауына жолданды.

Сот ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алды.

Астана қаласының Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзатын және азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін заңсыз әрекеттер заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram