Басты бет / Жаңалықтар /
жол жөндеу, жұмысшы
Фото: Нұрназар Әмзе

Алматыда Манас көшесінің бір бөлігі 4 күнге жабылады

Алматыда Манас көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Қай учаске жабылады?

Әкімдіктің мәліметінше, 31 шілде сағат 19:00-ден 4 тамыз сағат 08:00-ге дейін Манас көшесінің Абай даңғылынан Тимирязев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толықтай жабылады.

Жөндеу жүргізілетін аумақта ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты көрсетілген ақпараттық тақталар орнатылады.

Жол қозғалысы туралы ақпаратты қайдан білуге болады?

Қала әкімдігі жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

Көлік қозғалысына енгізілген шектеулер туралы өзекті ақпарат @AlmatyJoly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында, сонымен қатар 2GIS және «Яндекс Карталар» сервистерінде жарияланады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook