Басты бет / Жаңалықтар /
Тоқаев ұшақ
Фото: Ақорда

Тоқаев Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласына барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысу үшін Шолпан-Атаға барды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – президент әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды.

Тоқаев
Фото: Ақорда

Айта кетейік, мемлекет басшысының Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың шақыруымен 31 шілде — 1 тамыз күндері Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының бейресми Консультативтік кездесуіне қатысады.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram