Қазақстанда 1 тамыздан бастап әлеуметтік осал санаттағы балаларға мектепке дайындалуға арналған көмек беріле бастайды. 2026-2027 оқу жылы қарсаңында 450 мыңға жуық балаға осындай көмек көрсетіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Бір балаға қанша ақша беріледі?
Көмек Жалпыға міндетті білім беру қоры аясында 2026 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін көрсетіледі.
Бір балаға берілетін көмектің ең төменгі мөлшері 50 851 теңге болады. Бұл былтырғы көрсеткіштен 10%-ға жоғары.
Төлем мөлшері барлық өңірде бірдей болмауы мүмкін. Жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай кей өңірлерде көмек көлемі 50 851 теңгеден жоғары болуы ықтимал.
Жалпы биыл балаларды мектепке дайындауға жергілікті бюджеттерден 23 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған.
Көмекті кімдер ала алады?
Мектеп формасын, аяқ киім мен оқу құралдарын сатып алуға арналған көмек:
- жетім балаларға;
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
- аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға;
- атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына;
- қиын жағдайда қалған балаларға беріледі.
Төлемді қалай алуға болады?
Көмекті алу үшін баланың ата-анасы немесе заңды өкілі қажет құжаттарды білім беру ұйымына тапсыруы керек.
Бөлінген қаражатты мектеп формасын, аяқ киім және мектеп құралдарын сатып алуға пайдалануға болады.
2026-2027 оқу жылы қарсаңында еліміз бойынша 450 мыңға жуық бала осындай қолдау көрсетіледі. Көмек көрсету науқаны 1 тамызда басталып, 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
