Басты бет / Жаңалықтар /
Азық-түлік, банан
Фото: Ерқанат Аманкел

Алматыда демалыс күндері ет пен көкөніс жәрмеңкесі өтеді

Алматыда осы сенбі және жексенбі күндері өтетін демалыс күнгі жәрмеңкелерде тұрғындарға 300 тоннаға жуық ет, көкөніс және жеміс-жидек өнімдері ұсынылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әкімдіктің мәліметінше, жәрмеңкеге Алматы қаласы, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген 318 фермер мен ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қатысады.

Жәрмеңкеде қандай өнімдер сатылады?

Келушілер картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, қызылша, қияр, қызанақ, алма секілді жаңа піскен көкөніс пен жеміс-жидектерді, сонымен қатар сиыр, қой, жылқы, шошқа және құс етін сатып ала алады. Жалпы сауда алаңдарында мыңнан астам түрлі өнім ұсынылады.

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының мәліметінше, демалыс күнгі жәрмеңкелер отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге өнімдерін делдалсыз, тікелей және қолжетімді бағамен сатуға мүмкіндік береді.

Қазір жәрмеңкелер Алматының Әуезов, Алмалы, Медеу, Бостандық және Жетісу аудандарында жұмыс істейді.

Жәрмеңкелер қай жерде өтеді?

«Алматы» ӘКК жәрмеңкелерді кезең-кезеңімен жаңғыртып жатқанын хабарлады. Қазір Бостандық ауданындағы (Қазақфильм шағынауданы) жәрмеңке жаңартылып жатыр, ал оның ресми ашылуы тамыз айына жоспарланған. Сонымен қатар Әуезов ауданындағы жәрмеңке де жаңғыртылуда. Осыған байланысты бұл аудандағы сауда алаңы уақытша Рысқұлбеков көшесі, 33/2 мекенжайына көшірілген.

Демалыс күнгі жәрмеңкелер әр сенбі және жексенбі күндері 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:

  • Бостандық ауданы – Қазақфильм шағынауданы;
  • Әуезов ауданы – Рысқұлбеков көшесі, 33/2;
  • Медеу ауданы – Меңдіқұлов және Бектұров көшелерінің қиылысы;
  • Алмалы ауданы – Масанчи көшесі, Әйтеке би мен Гоголь көшелерінің аралығы;
  • Жетісу ауданы – Құлагер шағынауданы.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook