Алматы облысында TikTok пен Instagram әлеуметтік желілеріне былапыт сөздер айтылған видео жариялаған 22 жастағы тұрғын бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Оқиға қалай анықталды?
Полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерге жүргізілген мониториң барысында бейәдеп сөздер айтылған видео анықталған.
Құқық қорғау органдары жазбада қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын ашық түрде менсінбеу белгілері болғанын мәлімдеді. Видеоны жариялаған адамның Алматы облысының 22 жастағы жұмыссыз тұрғыны Нұрсат Пшан екені анықталған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сот қандай шешім шығарды?
Алматы облысы полиция департаментінің хабарлауынша, сот шешімімен тұрғын бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция өкілдері әлеуметтік желілердің де қоғамдық кеңістіктің бір бөлігі екенін еске салып, қолданыстағы заң талаптары цифрлық ортадағы пайдаланушыларға да бірдей қолданылатынын атап өтті.
