Басты бет / Жаңалықтар /
мектеп оқушы алғашқы қоңырау
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

450 мыңға жуық оқушыға мектепке дайындалуға қаржылай көмек беріледі

2026 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін Қазақстанда жалпыға міндетті білім беру қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға мектеп формасын, аяқ киім мен оқу құралдарын сатып алуға қаржылай көмек көрсетіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Кімдерге және қанша төленеді?

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 2026–2027 оқу жылы қарсаңында 450 мыңға жуық балаға қолдау көрсету жоспарланған. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттерден 23 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген.

Көмектің ең төменгі мөлшері бір балаға 50 851 теңге болады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға жоғары. Жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне қарай кейбір өңірлерде төлем көлемі бұдан да көп болуы мүмкін.

Қаржылай көмек жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған оқушыларға беріледі.

Төлемді қалай алуға болады?

Министрліктің хабарлауынша, төлемді алу үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер қажет құжаттарды баланың білім алып жатқан ұйымына тапсыруға тиіс. Көмек мектеп формасын, аяқ киімді және мектепке қажетті оқу құралдарын сатып алуға арналған.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook