Қазақстанның оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, мектеп оқушыларының каникул кестесін және қорытынды аттестаттау уақытын бекітті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Оқушылар қашан демалады?
Министрліктің мәліметінше, жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Оқу жылында үш негізгі каникул кезеңі қарастырылған:
- Күзгі каникул – 2026 жылғы 26 қазаннан 1 қарашаға дейін (7 күн);
- Қысқы каникул – 2026 жылғы 28 желтоқсаннан 2027 жылғы 10 қаңтарға дейін (14 күн);
- Көктемгі каникул – 2027 жылғы 22–28 наурыз аралығы (7 күн).
Бірінші класс оқушылары үшін 2027 жылғы 8–14 ақпан аралығында қосымша бір апталық демалыс беріледі.
Министрлік мәліметінше, оқу тоқсандарының ұзақтығы мынадай болады: I тоқсан – 8 апта, II тоқсан – 8 апта, III тоқсан – 10 апта, IV тоқсан – 8 апта.
Бітіру емтихандары қашан өтеді?
- 9 (10)-класс оқушыларының қорытынды аттестаттауы 2027 жылғы 31 мамыр мен 11 маусым аралығында өтеді.
- Ал 11 (12)-класс оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 2027 жылғы 1–17 маусымға жоспарланған.
Оқу-ағарту министрлігі әр пән бойынша бітіру емтихандарының нақты кестесі жеке бұйрықпен бекітілгенін және толық ақпарат ведомствоның ресми ақпараттық ресурстарында жарияланғанын мәлімдеді.
