31 шілдеде Қазақстанның батысында аптап ыстық біртіндеп бәсеңдейді. Ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріліп, елдің солтүстігі, батысы және шығысының кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Қай өңірлерде аптап ыстық болады?
«Қазгидромет» мәліметінше, ең жоғары температура Түркістанда тіркеліп, күндіз ауа +42…+44 градусқа дейін ысиды. Қызылордада +40…+42, Шымкентте +39…+41, Жезқазғанда +36…+38, Қонаев пен Астанада +35…+37 градус ыстық болады.
Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз +32…+34 градусқа дейін жылынады.
Қай өңірлерде жаңбыр жауады?
Синоптиктердің болжамынша, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Өскемен және Оралда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қостанай мен Оралда бұршақ жаууы мүмкін.
Сонымен қатар Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Орал, Шымкент, Тараз және Түркістанда желдің күшеюі күтіледі. Атырауда күндіз шаңды дауыл болжанып отыр.
Ал қалған өңірлерде құбылмалы бұлтты, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
