Басты бет / Жаңалықтар /
коммуналдық төлем, коммуналдық қызмет
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Алматыда жылу мен ыстық суға берешегі бар тұтынушылардың өсімпұлы кешіріледі

Алматыда жылу энергиясын тұтынушыларға арналған «Қарызды өтеп, өсімпұлдан құтыл!» акциясы басталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Акцияның шарты қандай?

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС мәліметінше, акция аясында тұрғындар жылу және ыстық сумен жабдықтау қызметтері бойынша негізгі қарызын толық өтеген жағдайда есептелген өсімпұлдан босатылады.

Сонымен қатар негізгі берешекті өтеу борышкерлердің мүлкі мен банк шоттарына қойылған тыйымдар мен шектеулерді алып тастауға мүмкіндік береді. Акцияға қатысу үшін негізгі қарызды тамыз айынан желтоқсанның соңына дейін толық өтеу қажет, — делінген хабарламада.

Қалай қатысуға болады?

Қарыз өтелгеннен кейін тұтынушылар «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-не өтініш, eGov mobile арқылы алынған жеке куәліктің цифрлық нұсқасын және негізгі қарыздың төленгенін растайтын құжатты [email protected] электрондық поштасына жолдауы немесе тұрғылықты жері бойынша тұтынушыларға қызмет көрсету орталықтарының біріне жүгінуге тиіс.

Берешек мөлшері немесе есептелген төлемдер бойынша кеңес алу үшін 341-07-77 анықтама қызметіне хабарласуға болады. Сонымен қатар +7 (775) 990-50-63 WhatsApp нөмірі (тек хабарлама қабылдайды) жұмыс істейді.

«Алматы жылу жүйесі» ЖШС егер қарыз белгіленген мерзімде өтелмесе, тұтынушылар жылумен жабдықтау қызметінен ажыратылып, берешек сот тәртібімен өндірілетінін ескертті.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook