Басты бет / Жаңалықтар /
QR төлем жасау
Фото: istockphoto.com

Қазақстан азаматтары шетелдің маркетплейсінен 2,1 трлн теңгеге сауда жасаған

Қазақстаннан шыққан төлем картасы арқылы шетелде жасалған онлайн сауда көлемі артып келеді. Биылғы жылдың қаңтар-мамыр айында бұл көрсеткіш 2,1 трлн теңге болып, бір жыл ішінде 15,3% артқан. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Finprom дерегінше, шетелде картамен жасалған төлем үлесі 90,7%-дан 93,3%-ға дейін өскен.

Кейінгі алты жылда мұндай төлем саны 10 есе артты. 2020 жылғы қаңтар-мамыр айында көрсеткіш 207,3 млрд теңге болса, 2021 жылы 338,3 млрд теңгеге, 2022 жылы 476,4 млрд теңгеге жетті. Ең жоғары өсім 2023 жылы тіркелді, көрсеткіш алғаш рет 1 трлн теңгеден асты. 2024 жылы Қазақстаннан шыққан төлем картасы арқылы шетелде жасалған сауда көлемі 1,3 трлн теңге, ал былтыр 1,8 трлн теңге болды.

Биыл қаңтар–мамыр айында Қазақстан картасын ұстайтындар шетелде 150,6 млн транзакция жасаған. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 40,4%, ал 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6,6 есе көп.

Бір операцияның орташа сомасы бір жыл ішінде 17,9% азайып, 16,8 мың теңгеден 13,8 мың теңгеге дейін төмендеді. Ал 2020 жылғы қаңтар-мамыр айында бір операцияның орташа сомасы 9,1 мың теңге болған. Ең жоғары көрсеткіш 2023 жылы тіркеліп, 17 мың теңге болды.

финпром, статистика
Фото: Finprom.kz сайтынан аударма

Қазақстаннан шыққан төлем картасы арқылы шетелдегі қолма-қол емес төлемнің негізгі бөлігі интернет пен ұялы телефон арқылы жасалған. Биыл қаңтар-мамыр айында бұл тәсіл арқылы жасалған төлем көлемі 1,3 трлн теңгеге жетіп, бір жыл ішінде 31,8% өскен.

Ал POS-терминалдар арқылы жасалған төлем көлемі 4,4% төмендеп, 689,9 млрд теңге болды. Басқа да төлем түрі 8,8% азайып, 82,8 млрд теңгеге түсті.

Алайда шетелдегі карта арқылы жасалған төлемнің артуы Қазақстан азаматтарының шетелде көбірек ақша жұмсай бастағанын білдірмейді. Өсімнің едәуір бөлігі шетелдің танымал маркетплейсінде жасалған саудаға, цифрлық сервиске, жазылымға, мобайл қолданба және басқа да онлайн-контентке төлем жасауға байланысты болуы мүмкін.

Интернет пен ұялы телефон арқылы жасалған операция саны 56,2% артып, 115,3 млн транзакцияға жетті. Ал бір төлемнің орташа сомасы 13,4 мың теңгеден 11,3 мың теңгеге дейін төмендеді.

Қазақстаннан шыққан төлем картасымен шетелде жасалған барлық қолма-қол емес операцияның ішінде интернет пен ұялы телефон арқылы жасалған төлемнің үлесі 62,9% болды.

***

Тағы оқыңыз:

Қазақстанда мүлік салығын кімдер төлемейді және кімдерге жеңілдік беріледі?

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok