Басты бет / Жаңалықтар /
заң, рақымшылық, сот
Фото: Depositphotos.com

Маңғыстауда әйел күйеуінен өзіне алимент өндіріп алды

Маңғыстау облысында күйеуінен материалдық көмек ала алмаған әйел сот арқылы өзін асырауға алимент өндіріп алды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әйел не талап етті?

Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, ерлі-зайыпты 2024 жылы некеге тұрған және олардың ортақ кәмелетке толмаған баласы бар.

2026 жылы сот бұйрығымен ер адамнан баланы асырауға алимент өндірілген. Алайда талап қоюшы жұбайының өз еркімен материалдық көмек көрсетпейтінін айтып, соттан 2025 жылы туған баласы үш жасқа толғанға дейін өзін асырауға алимент өндіруді сұраған.

Сот қандай шешім шығарды?

Сот талап қоюшының талабын негізді деп таныған. Нәтижесінде ер адам әйеліне ай сайын 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде алимент төлеуге міндеттелді, — делінген хабарламада.

Соттың хабарлауынша, бұл шешім заңды күшіне енген.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram