Басты бет / Жаңалықтар /
трихобезоар
Видео скрині

Шымкентте жасөспірімнің асқазанынан 1 келіге жуық бөгде зат алынды

Шымкентте дәрігерлер 2011 жылы туған жасөспірімнің асқазанынан салмағы шамамен 1 келі болатын бөгде затты алып шықты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Дәрігерлер не анықтады?

Қалалық балалар клиникалық аурухананың мәліметінше, жасөспірім 30 шілде күні сағат 01:12-де жедел жәрдем бригадасымен жеткізілген. Ол ішінің ауырғанына, тәбетінің төмендегеніне және жалпы әлсіздікке шағымданған.

Қабылдау бөлімінде кезекші хирургтер науқасты қарап, қажетті зерттеулер жүргізген. Тексеру барысында оның асқазанында көлемді бөгде зат бары анықталған.

Ота кезінде не шығарылды?

Дәрігерлер ота барысында жасөспірімнің асқазанынан трихобезоарды алып шыққан. Бұл – шаштан және басқа да тығыз жиналған бөгде материалдардан түзілетін түйін.

Аурухананың мәліметінше, алынған трихобезоардың салмағы шамамен 1 келі, ал ұзындығы 30 сантиметр болған.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram