Ақтауда полицейлер тұрғын үйдің 10-қабатындағы терезенің сыртқы жақтауына шығып кеткен баланы құтқарып қалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Оқиға қалай болды?
Маңғыстау облысының ПД мәліметінше, «102» арнасына Ақтау қаласындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 10-қабаттағы ашық терезенің сыртқы жақтауында тұрған баланың өміріне қауіп төніп тұрғаны туралы хабарлама түскен.
Хабарлама түскен бойда патрульдік полиция экипажы оқиға орнына жедел жеткен.
Бала қалай құтқарылды?
Тәртіп сақшылары келген кезде кәмелетке толмаған бала терезеден толық шығып, ғимараттың сыртқы жақтауында тұрған.
Маңғыстау облысының полиция департаментінің мәліметінше, патрульдік полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекетінің арқасында бала аман-есен құтқарылды.
