Басты бет / Жаңалықтар /
мыс қорыту зауыты
Фото: Kazakhmys Holding

Балқашта жаңа мыс қорыту зауыты салынады: 1 200 жұмыс орны ашылады

Балқашта жаңа мыс қорыту зауыты салынып, шамамен 1 200 тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жоба қашан іске асады?

Үкімет өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Qazaq Smelter» ЖШС арасындағы инвестициялар туралы келісімді мақұлдады. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойған.

Жобаның жалпы инвестиция көлемі 750 млрд теңге болады. Кәсіпорыс құрылысы 2027 жылы басталып, 2030 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Жаңа зауыт жылына 300 мың тонна катодты мыс, 10 тонна алтын, 300 тонна күміс және 1,5 миллион тоннадан астам күкірт қышқылын өндіруге қауқарлы болады, — делінген хабарламада. 

Жоба экономикаға қандай әсер етеді?

Жоба аясында шамамен 1 200 тұрақты жұмыс орны ашылады. Кәсіпорын іске қосылған кезде қызметкерлердің 90%-ы, оның ішінде басшылық құрам да қазақстандық мамандардан жасақталады. Алдағы бес жыл ішінде бұл көрсеткішті 95%-ға дейін жеткізу жоспарланған.

Сонымен қатар инвестор Қарағанды облысындағы оқу орындарында 50 студентті даярлау міндеттемесін алады.

Мамандардың айтуынша, жаңа өндірістік қуаттардың іске қосылуы ел ішінде мыс шикізатын қайта өңдеу көлемін жылына 800 мың тоннадан астамға жеткізіп, қосылған құны жоғары өнім экспортының көлемін 460 мың тоннадан 760 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Зауыт заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдермен жабдықталады.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook