Басты бет / Жаңалықтар /
сталкиң, сталкинг, адам аңду, қудалау, қорқыту, шабуыл
Фото: Depositphotos.com

Астанадағы саябақта қызға шабуыл жасаған күдікті қамауға алынды

Астанада президент саябағында қызға шабуыл жасады деген күдікпен 27 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Оқиға қалай болған?

ПД мәліметінше, оқиға туралы алғаш болып әлеуметтік желіде жәбірленушінің анасы жазған. Оның айтуынша, қызы таңертең жұмысқа бара жатқан кезде Сарайшық көшесі маңындағы президент саябағында бейтаныс ер адамның шабуылына ұшыраған.

Әйелдің сөзіне қарағанда, күдікті қызға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасауға әрекеттенген. Алайда бойжеткен қарсылық көрсетіп, қатты айқайлағаннан кейін шабуылдаушы оқиға орнынан қашып кеткен. Жәбірленуші күдіктіні бейнежазбаға түсіріп үлгеріп, кейін полицияға арыз берген.

Полиция не дейді?

Астана қаласының полиция департаменті арыз түскеннен кейін жедел-іздестіру шаралары жүргізілгенін хабарлап отыр.

Ведомствоның мәліметінше, күдіктінің жеке басы қысқа уақыт ішінде анықталып, 27 жастағы ер адам ұсталған. Ол полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазір іс материалдары қарау үшін сотқа жолданған. Полиция қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін кез келген заңсыз әрекетке дереу шара қолданылатынын және кінәлілер заң аясында жауапқа тартылады, — делінген хабарламада.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok