Басты бет / Жаңалықтар /
Қаржы сауаты, несие, микронесие, кредит, банк картасы
Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов/Baribar.kz

Қазақстанда несие беру талабы өзгереді: жаңа жүйе қалай істейді?

Қазақстанда қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа жүйесі енгізіледі. 27 шілдеде Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басқармасы тиісті нормативтік құқықтық актілер пакетін мақұлдады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Жаңа жүйе бойынша қаржы ұйымдары заң талаптарын орындап қана қоймай, тұтынушыларға зиян келтірмеуге және олардың құқықтарын қорғауға міндетті болады. Банктер, микроқаржы және сақтандыру ұйымдары қаржы өнімдерін әзірлеу, сату және қызмет көрсету барысында клиенттердің мүддесін ескеретін болады.

Қаржы ұйымдары өнімнің құнын, шарттарын, артықшылықтары мен тәуекелдерін клиентке толық әрі түсінікті жеткізуге тиіс. Несие немесе басқа қаржы өнімін ұсынар алдында оның нақты клиентке қаншалықты сәйкес келетінін бағалау міндеті енгізіледі.

Берешекті ұжымдық реттеу тетігі де кеңейеді. Бірнеше кредитор алдында қарызы бар азаматтар әр банкпен, микроқаржы ұйымымен немесе коллектормен жеке келіссөз жүргізбей, берешегін «бірыңғай терезе» қағидаты бойынша реттей алады. Бұл мүмкіндік екі және одан да көп кредитор алдында 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға қолданылады.

Қаржы омбудсманы қызметінің бірыңғай қағидалары бекітіледі. Омбудсман қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарап, дауларды сотқа жеткізбей шешуге қатысады. Жаңа қағидалар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook