Басты бет / Жаңалықтар /
алматы, цирк, ауа райы, субұрқақ
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Қазақстанның оңтүстігінде 42 градусқа дейін аптап ыстық болады

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде 30 шілдеде аптап ыстық сақталады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

«Қазгидромет» мәліметінше, кей жерлерде ауа температурасы +42 градусқа дейін көтеріледі. Ал елдің батысында ауа райы біртіндеп салқындап, солтүстік, батыс және шығыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.

Аптап ыстық қай өңірлерде сақталады?

Ең жоғары температура Түркістан облысында тіркеліп, күндіз ауа +40…+42 градусқа дейін ысиды. Қызылордада +39…+41, Шымкентте +38…+40, Тараз бен Қостанайда +35…+37 градус ыстық болады.

Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндіз +31…+33 градусқа дейін жылынады. Астанада да жауын-шашын күтілмейді, ауа температурасы +33…+35 градус болады.

Қай өңірлерде жаңбыр жауады?

Ақтөбе, Ақтау, Атырау, Петропавл, Семей және Өскемен қалаларында жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Ақтөбе мен Петропавлда бұршақ жауу қаупі бар. Оралда түнде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Синоптиктердің болжамынша, желдің күшеюі Шымкент, Тараз, Түркістан, Ақтөбе және Орал қалаларында күтіледі. Қалған өңірлерде құбылмалы бұлтты, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram