Басты бет / Жаңалықтар /
Ұшақ, авиация, әуе компаниялары
Фото: Reuters.com

Алматыдан Түркияның тағы бір қаласына тікелей рейс ашылады

31 шілдеден бастап Түркияның SunExpress әуе компаниясы Қазақстан нарығына кіріп, Алматыдан Измирге тікелей рейстер ұша бастайды. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.

Алматы – Измир бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсі аптасына екі рет – сейсенбі және жұма күндері ұшады. Жолаушылар Boeing 737 ұшақтарымен тасымалданады.

Көлік министрлігінің мәліметінше, ведомство Қазақстаннан ұшатын халықаралық бағыттардың санын көбейту және қолданыстағы бағыттардағы рейстер жиілігін арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Министрлік жаңа әуе бағыты Қазақстан мен Түркия арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени байланыстарды одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтеді.

SunExpress – Түркияның әуе компаниясы. Оның Қазақстан нарығына келуімен Алматы мен Түркияның Измир қаласы арасында тікелей тұрақты әуе қатынасы пайда болады.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram