Қазақстанның бірқатар өңірінде аптап ыстық, шаңды дауыл, найзағай, бұршақ және қатты жел күтіледі. Кей облыстарда ауа температурасы +44°C-қа дейін көтеріліп, төтенше өрт қаупі сақталады.
Елдің оңтүстігі мен батысында күн қатты ысиды. Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында, бірқатар басқа өңірде ауа температурасы +40…+44°C-қа дейін жетуі мүмкін.
Аптап ыстыққа байланысты жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда және Түркістан облыстарының кей аумақтарында шаңды дауыл болжанып отыр. Жел күшейіп, екпіні секундына 20–28 метрге дейін жетуі ықтимал.
Ал еліміздің солтүстік, шығыс және батыс өңірлерінің бірқатарында ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Қатты жел болады.
