Басты бет / Қоғам /
Шымкент
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкентте 30 отбасыға жеке пәтерінің кілті берілді

Шымкентте тағы 30 отбасы жаңа пәтердің кілтін алып, қоныс тойын атап өтті. Баспаналарды табыстау рәсімі «Көрме» орталығында өтті. Салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, жаңа қоныс иелерін қуанышымен құттықтады.

Жаңа пәтерлер Бозарық шағынауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлерден берілді. Баспана «Отбасы банк» АҚ жүзеге асыратын «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалары аясында ұсынылды.

Тұрғын үй бағдарламаларына қатысушылар төлем қабілеттілігін растаған азаматтар арасынан іріктелген. Жаңа пәтер иелерінің қатарында көпбалалы және толық емес отбасылар, сонымен қатар бюджет саласында еңбек ететін азаматтар бар.

Жаңа баспанаға ие болған отбасылар үшін бұл – көптен күткен қуанышты сәт. Пәтер кілтін алған тұрғындар енді өз үйлеріне қоныстанып, тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды.

Қалада тұрғындарды баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Жеңілдетілген ипотекалық жобалар тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж азаматтарға жаңа пәтер алуға мүмкіндік беріп отыр.

Шымкентте тұрғын үй мәселесін шешу бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Жаңа пәтерлердің берілуі әлеуметтік санаттағы азаматтарды қолдап, олардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған шаралардың бірі саналады.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok