Ержан Дәулетұлы Тоқтағұлов Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды. Тиісті қаулыны ҚР Үкіметі қабылдады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ержан Тоқтағұлов 1992 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын және Халықаралық көліктік-гуманитарлық университетін бітірген.
Президент жастар кадр резервінің мүшесі.
Еңбек жолын мемлекеттік қызметте бастаған. 2015–2018 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрлігінің құрылымында бас маман және сарапшы қызметтерін атқарды.
2018–2019 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Байланыс саласындағы бақылау басқармасында бас сарапшы болды.
2019 жылы «Қазақстан индустрияны дамыту институты» АҚ Сарапшылардың шығындарын орнына толтыру орталығының директоры қызметін атқарды.
2019–2020 жылдары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің БАҚ саласындағы бақылау басқармасы басшысының міндетін атқарушы, кейін басқарма басшысы болды.
2020–2021 жылдары Қостанай облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасын басқарып, Қостанай облысы бойынша бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметін атқарды.
2021–2024 жылдары ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы болды.
2024 жылдың наурызынан бастап осы тағайындауға дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Цифрлық трансформациялау және жобалық менеджмент департаментінің директоры қызметін атқарды.
