Алматыда полицейлер интимдік сипаттағы ақылы интернет-трансляциялар жүргізілген заңсыз уебкам-студияның қызметін тоқтатты. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Оқиға орнында кімдер ұсталды?
Полиция қызметкерлері пәтерге барған кезде онда онлайн-трансляцияға қатысып жатқан қыз бен студия әкімшісін анықтаған. Екеуі де полиция бөліміне жеткізілді.
Тінту барысында компьютерлік техника, бейнетүсірілім құрылғылары, трансляция жүргізуге арналған жабдықтар және тергеу үшін маңызы бар өзге де заттар тәркіленді, — делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тергеу жалғасып жатыр
Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір заңсыз студияның қызметін ұйымдастырған және оның жұмысына қатысы бар барлық тұлғаларды анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар полицейлер цифрлық кеңістікте толық анонимділік болмайтынын ескертіп, интернетте жасалған кез келген заңсыз әрекет құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмайтынын мәлімдеді.
