Басты бет / Жаңалықтар /
Әскер, әскери қызметкер
Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Өскеменде үйін сағынған сарбаз әскери бөлімнен қашып кетті

Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінен қызмет орнын өз еркімен тастап кеткен мерзімді әскери қызметші ұсталды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Сарбаз қай жерден табылды?

Қарулы күштері әскери полициясы бас басқармасының мәліметінше, қатардағы Мархан А.Е. облыс орталығынан шамамен 20 шақырым жерден табылған. Ол әскери полиция бөліміне жеткізілген.

Ведомствоның мәліметінше, сарбаздың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

ffc55de0102094442d0ee3e72aa1180b Өскеменде үйін сағынған сарбаз әскери бөлімнен қашып кетті
Фото: instagram / military_police_kz

Алдын ала себеп қандай?

Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметшінің бөлімнен кетуіне үйін сағынуы себеп болған. Сонымен қатар тексеру барысында сарбаз командирлер немесе бірге қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілер тарапынан әлімжеттік пен қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану фактілері болмағанын мәлімдеген.

Қазір аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram