Басты бет / Видео /
54d87b0e0f9e702aab5d149e2dbfc95c Баланы кітап оқуға қалай қызықтыруға болады? Раиса Қадыр ата-аналарға кеңес берді
Фото: ЖИ

Баланы кітап оқуға қалай қызықтыруға болады? Раиса Қадыр ата-аналарға кеңес берді

Steppe & World баспа үйінің негізін қалаушысы, баспагер Раиса Қадыр Baribar YouTube арнасына берген сұхбатында балаға кітапты күштеп оқыту нәтиже бермейтінін айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Оның сөзіне қарағанда, баланы кітап оқуға мәжбүрлеудің орнына, алдымен кітапқа деген қызығушылықты ояту маңызды. Баланы кітапқа баулудың ең тиімді жолы – ата-ананың өзі үлгі болуы. Өйткені бала естігенінен гөрі, көргенін қайталайды.

«Кітап оқуға деген қызығушылық ең алдымен үйдегі ортадан қалыптасады»

Баланы кішкентай кезінен кітаппен таныстырып, достастыру керек. Әрине бала күнінде олар кітап оқи алмайды, бірақ кітапта көптеген сурет болады. Сол кезде ата-ана мәндетті түрді кітапты ашып, көріп, бірге талқылап, айтып отыруы керек. Егер ата-ана өзі кітап оқып, баламен бірге оқыған шығармасын талқыласа, бала үшін кітап оқу қалыпты, әрі қызық әдетке айналады. Ертегі немесе бір оқиға болса, соны дыбыстап оқып, балаға сол әдетті үйрету керек, — дейді баспагер.

Баланы кітап оқуға қалай қызықтыруға болады? | Баспагер Раиса Қадырмен ашық әңгіме

«Балаға еркіндік беру керек»

Сонымен қатар баспагер баланың жасына, қызығушылығына сай кітап таңдаудың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, балаға тек «пайдалы» кітаптарды ұсынбай, өзіне ұнайтын тақырыптағы шығармаларды оқуға мүмкіндік беру қажет. Сонда ғана оқуға деген ішкі ынта қалыптасады.

Толық сұхбатты Baribar YouTube арнасынан көре аласыз.

Мақала туралы ойыңыз?

Telegram-каналға жазылыңыз

Telegram