Португалиялық футболшы Криштиану Роналду британ футболы туралы түсірілетін Day 1s драмалық сериалының атқарушы продюсері атанып, жобада актер ретінде де бой көрсетеді. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Сериалға кімдер қатысады?
The Sun басылымының мәліметінше, сериалдағы басты кейіпкер – футбол агенті Стәнли Далтонның рөлін британдық актер Дэмиэн Льюис сомдайды. Түсірілім жұмыстары Англиядағы «Барнет» клубының стадионында басталған.
Жобаға сонымен қатар футбол аңызы Тьерри Анри, британдық рэпер Дэйв және актриса Карлотта Банат қатысады.
Жобаны кім түсіреді?
Танымал актерлер мен әйгілі тұлғалардың қатысуына байланысты сериалды көрсету құқығы үшін ірі стримингтік платформалар арасында бәсеке болуы мүмкін. Жобаны Криштиану Роналду режиссер Мэттью Вонмен бірге құрған UR•Marv Studios студиясы түсіреді.
Бұл – мен үшін жаңа әрі қызық кезең. Алдымнан ашылып жатқан жаңа мүмкіндіктерді асыға күтіп жүрмін, – деді Криштиану Роналду.
