Басты бет / Жаңалықтар /
Арман Исағалиев
Фото: gov.kz

Тоқаев сыртқы істер министрінің орынбасарын тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыртқы істер министрінің орынбасарын тағайындады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Мемлекет басшысының өкімімен Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорданың хабарламасында.

Ол 1972 жылы Алматы қаласында туған.

  • Білімі: Әл-Фараби атындағы ҚҰМ университеті (1994),
  • Сиди Мұхаммад бен Абдалла университеті, Фес, Марокко,
  • Мысыр Араб Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатия институты (1996).
  • 1994-1995 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетінің оқытушысы;
  • 1995-1999 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының шығыстану институтының ғылыми қызметкері;
  • 2000-2004 жж. Қазақстан Республикасының Египет Республикасындағы елшілігінің бірінші хатшысы;
  • 2004-2006 жж. Бизнес құрылымдарындағы жұмыс;
  • 2008-2011жж. Қазақстан Республикасының Сауд Арабия Корольдігіндегі елшілігінің кеңесшісі;
  • 2011-2014 жж.Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің сыртқы саясат орталығының сектор меңгерушісі;
  • 2014-2017 жж. Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы (Біріккен Араб Әмірліктері) бас консулы;
  • 2017-2020 жж. Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі;
  • 2019-2020 жж. Қазақстан Республикасының Алжир Халықтық-Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін қоса атқарушысы;
  • 2020 ж. қыркүйек айынан Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елшісі.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok