Артық салмағы бар адам саны неліктен көбейіп барады және артық салмақтың әсері қандай?

Семіздік – әлемдегі ең өзекті денсаулық мәселелерінің бірі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) мәліметінше, кейінгі дерек бойынша, әлемде 2,5 млрд ересек адамның артық салмағы бар, оның 890 миллионы семіздікпен өмір сүреді. Сонда әлемдегі әрбір сегізінші адам семіздікке шалдыққан.
Қазақстандағы жағдай да алаңдатарлық. Денсаулық сақтау министрлігі мен ДДСҰ жүргізген зерттеу нәтижесіне сәйкес, еліміздегі ересек тұрғындардың 58%-нан артық салмақ, ал 22,4%-нан семіздік анықталған.
Үкіметтің 2026 жылы жаңартылған Денсаулық сақтау тұжырымдамасында:
- 6–9 жастағы әрбір бесінші баланың (20,6%) артық салмағы бар;
- оның ішінде 6,6%-ы семіздікке шалдыққан деп көрсетілген.
Артық салмақтың пайда болуына не себеп? Ол ағзаға қалай әсер етеді? Семіздік қандай жағдайда ауру болып есептеледі? Алдын алуға бола ма? Осы және өзге де маңызды сұрақтарға эндокринолог Рита Әлімбекқызы Baribar.kz тілшісіне жауап берді.
Кейінгі жылдары артық салмағы бар адамдар неліктен көбейген және семіздік не себепті жиілеп барады?
Эндокринологтың айтуынша, кейінгі жылдары семіздіктің көбеюі – адамның өмір салты түбегейлі өзгергенінен. Бұрын адамдар көбірек қимылдап, табиғи тағамдарды тұтынса, бүгінде калориясы көп өнім артқан және бағасы қалта көтереді, ал күнделікті қозғалыс айтарлықтай азайған.
Калориясы көп тағам
Қозғалыс аз
Оның айтуынша, бұған қоса технологияның дамуы да адам қозғалысын азайтқан:
Созылмалы стресс
Кейінгі жылдары дәрігерлер семіздіктің психологиялық себептеріне де ерекше назар аударып келеді.
Ұйқы аз
Дәрігердің айтуынша, қазір адамдардың көбі ұйқының маңызын әлі де түсіне бермейді:
Артық салмақ ағзаға қалай әсер етеді?
Көпшілік артық салмақты тек сырт келбетке қатысты мәселе деп ойлайды. Алайда дәрігердің айтуынша, бұл – қате түсінік.
Артық салмақ жүрекке қалай әсер етеді?
Артық салмақ, ең алдымен жүрекке қосымша күш түсіреді:
Дәрігердің айтуынша, дәл осы себептен семіздігі бар адамдарда жүрек-қантамыр аурулары әлдеқайда жиі кездеседі.
Қан қысымы неліктен көтеріледі?
Артық салмақтың тағы бір маңызды салдарының бірі – артериялық қысым:
Дәрігердің сөзінше, артық салмақты азайту кей жағдайда қан қысымын төмендетуге де көмектеседі.
Артық салмақ қант диабетінің даму қаупін қалай арттырады?
Артық салмақтың ең жиі кездесетін салдарының бірі – 2-типті қант диабеті. Эндокринологтың айтуынша, бұл дерттің көп уақыт бойы май тінінің рөлі өте зор:
Артық салмақ бауырды май басуына қалай әсер етеді?
Артық салмақ буындарға қалай әсер етеді?
Артық салмақ тірек-қимыл жүйесіне де үлкен салмақ түсіреді:
«Әрбір артық килограмм тізе және жамбас буындарына түсетін жүктемені шамамен төрт есе арттырады. Соның салдарынан шеміршек тіні тезірек тозып, артроздың даму қаупі жоғарылайды.
Артық салмақ несеп қышқылы деңгейінің жоғарылауына (гиперурикемияға) да себеп болуы мүмкін. Бұл подаграның дамуына және буындардың қатты ауырып, қозғалыстың шектелуіне әкеледі».
Ұйқы сапасын нашарлата ма?
Артық салмақ әйелдер мен ерлердің гормон жүйесіне қалай әсер етеді?
Эндокринологтың айтуынша, май тіні – тек энергия қоры емес, гормондар белсенді мүше. Сондықтан оның шамадан тыс көбеюі әйелдер мен ерлердің гормон жүйесіне айтарлықтай әсер етеді:
Ер адамдарда да семіздік гормондар теңгеріміне әсер етеді.
Семіздік қандай жағдайда ауру болып есептеледі?
Бұрын семіздік көбіне адамның өмір салтының салдары ретінде қарастырылса, бүгінде ол ресми түрде созылмалы, қайталануға бейім ауру ретінде танылады.
«Семіздік дене салмағының индексі (ДСИ) 30 кг/м² немесе одан жоғары болған кезде диагноз ретінде қойылады.
Дене салмағының индексі мына формула бойынша есептеледі:
Дене салмағы индексін есептеу
Салмағыңыз бен бойыңызды енгізіңіз. Нәтиже ересек адамдарға арналған бағдар көрсеткіші ретінде есептеледі.
Калькулятор медициналық диагноз қоймайды. Денсаулық мәселелеріне қатысты шешім шығару үшін дәрігерге қаралыңыз.
Алайда дәрігердің айтуынша, денсаулыққа қауіп тек семіздік кезінде ғана емес, артық салмақтың өзінде де басталады.
«ДСИ 25 кг/м²-ден асқан кезде-ақ ағзадағы зат алмасу өзгере бастайды. Бұл созылмалы қабынуға, оксидатив стреске және әртүрлі метаболика бұзылыстарының дамуына себеп болуы мүмкін.
Мұнда бел айналымы да маңызды көрсеткіштердің бірі.
Қалыпты жағдайда:
Қай кезде эндокринологқа қаралу керек?
Эндокринолог Рита Әлімбекқызының айтуынша, ең алдымен дене салмағының индексіне назар аудару қажет.
Қандай белгілерге мән беру керек?
«Артық салмақпен бірге төмендегі белгілер байқалса, бұл ағзадағы метаболика немесе гормон өзгерістерінің белгісі болуы мүмкін:
- тез шаршау;
- аз қимылдағанның өзінде ентігу;
- үнемі шөлдеу;
- ауыздың құрғауы;
- аяқ-қолдың ісінуі;
- дене салмағының себепсіз күрт өзгеруі;
- мойын немесе тері қатпарларының қараюы (қара акантоз)».
Артық салмақтың алдын алуға бола ма?
Эндокринологтың айтуынша, семіздіктің алдын алу – салмақты қалыпқа келтірудегі ең маңызды қадам.
«Артық салмақтың алдын алу бес негізгі қағидаға негізделеді», – дейді Рита Әлімбекқызы:
1. Дұрыс тамақтану
Дәрігердің айтуынша, дұрыс тамақтанудың негізгі қағидасы – ағзаға түскен және жұмсалған энергияның тепе-теңдігін сақтау.
Рационның негізін:
- көкөністер;
- көк шөптер;
- майсыз ақуыз көздері;
- күрделі көмірсулар
құрауға тиіс.
Маман қант, ақ ұн өнімдері, ашытқы қосылған тағамдар, сүт және жемістерді шектеп тұтынуға да кеңес береді.
2. Қозғалыс
Дене белсенділігі артық салмақтың алдын алуда маңызды рөл атқарады.
Дәрігердің ұсынысы бойынша:
- аптасына кемінде 150 минут орташа қарқындағы аэроб жүктеме (жылдам жүру, жүзу, велосипед тебу);
- аптасына кемінде екі рет күш жаттығулары
болуы қажет.
Бұл бұлшықет массасын сақтап, зат алмасудың белсенді жүруіне ықпал етеді.
3. Сапалы ұйқы
Толыққанды ұйқы да дене салмағын бақылауда маңызды.
Ересек адам тәулігіне 7–8 сағат ұйықтауы керек. Әсіресе, сағат 23:00-ге дейін ұйықтап қалу маңызды. Өйткені дәл осы уақытта майдың ыдырауына қатысатын өсу гормоны – соматотропиннің бөлінуі ең жоғары деңгейге жетеді, – дейді эндокринолог.
4. Стресті басқару
Созылмалы стресс артық тамақтануға әкелетін негізгі себептердің бірі болғандықтан, дәрігер оны басқаруға ерекше көңіл бөлу қажет екенін айтады.
Ол үшін:
- медитация;
- тыныс алу жаттығулары;
- хобби;
- цигун;
- таңертеңгі жаттығу
сияқты әдістерді күнделікті өмірге енгізген дұрыс.
Бұл эмоциямен тамақтанудың алдын алуға көмектеседі.
5. Профилактика тексерулері
Дәрігер жылына кемінде бір рет профилактикадан өтуге кеңес береді.
Олар:
- қандағы қант деңгейін анықтау;
- холестеринді тексеру;
- терапевке қаралу
Мұндай тексерулер зат алмасу бұзылыстарын ерте кезеңде анықтап, асқынудың алдын алуға мүмкіндік береді.
Семіздік – тек қауіп факторы емес, емдеуді қажет ететін ауру
Артық салмақ көбіне жүрек-қан тамырлары аурулары, қант диабеті және басқа да денсаулық мәселелерінің ағымын асқындыратын фактор ретінде қарастырылады. Алайда мамандар семіздікті тек басқа аурулар қаупін арттыратын жағдай ретінде қабылдана бермейтінін айтады.

Людмила Воронова
«Герофарм» компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің директоры
«Герофарм» компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің директоры Людмила Воронованың айтуынша, бүгінде семіздік өз алдына емдеуді қажет ететін созылмалы, қайталануға бейім ауру ретінде қарастырылады.
Оның сөзінше, емдеу тәсілі әр емделушінің жағдайына қарай жеке таңдалуға тиіс. Кейбір ауыр жағдайларда, әсіресе дене салмағы индексі өте жоғары болған кезде, физикалық жүктеменің өзі белгілі бір кезеңде шектелуі мүмкін. Мұндай жағдайда дәрігер дәрі-дәрмекпен емдеу мүмкіндігін қарастырады.
Семіздік кейде тамақтанудың бұзылуымен қатар жүреді. Мұндай жағдайда адамға ұзақ уақыт диета ұстану қиын болуы мүмкін: тамақтануды шектеу кезеңдері қайтадан шамадан тыс тамақтанумен алмасып, қажет терапия нәтижесіне жету қиындайды.
Аталған топқа семаглутид негізіндегі препараттар да жатады. Людмила Воронованың айтуынша, мұндай терапия семіздікті емдеудің кешенді тәсілінің бір бөлігі ретінде қолданылуы мүмкін.
Қазақстанда семаглутид негізіндегі тіркелген препараттардың бірі – «Семавик». Препарат Қазақстан нарығында 2025 жылғы шілдеден бері қолданылады. Маманның сөзінше, осы уақыт ішінде дәрігерлерде оны клиника тәжірибесінде қолдану бойынша тәжірибе бар.
Дәрі-дәрмекпен емдеу барлығына бірдей тағайындалмайды. Препаратты қолдану қажетін емделушінің денсаулық жағдайын, дене салмағы индексін, қосымша ауруларын және басқа да факторларды ескере отырып, дәрігер анықтауы керек.

Рита Әлімбекқызы
Эндокринолог-дәрігер
