Басты бет / Жаңалықтар /
маңдайша, жарнама,
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда дизайн-код талаптарын бұзған жарнамалар алынып жатыр

Алматының Әуезов ауданында қаланың бірыңғай сәулеттік-көркемдік келбетін қалыптастыру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, дизайн-код талаптарын іске асыру аясында 1 500-ге жуық заңсыз орналастырылған маңдайша мен жарнама құрылымы алынып тасталған.

Заңсыз жарнамалар демонтаждалды

Әуезов ауданында бұл жұмыстар сәулет және қала құрылысы басқармасы мен полиция департаментінің қатысуымен жүргізіліп жатыр.

Әкімдіктің мәліметінше, заңсыз орнатылған шамамен 1 500 маңдайша мен жарнама құрылымы демонтаждалған.

Сонымен қатар Алтынсарин және Абай даңғылдары, Саин, Жандосов, Шаляпин және Төле би көшелерінің бойындағы 15 учаскеде ғимараттардың қасбеті мен маңдайшаларын қаланың дизайн-коды талаптарына сәйкестендіру жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасып жатыр.

Кәсіпкерлерге ескерту жасалды

Аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, кәсіпкерлік нысандарының иелеріне қасбеттер мен маңдайшаларды Алматының дизайн-коды талаптарына сәйкестендіру қажеттігі туралы 200-ден астам хабарлама табысталған.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram