Қазақ футболшы Дастан Сәтбай Англияның «Челси» клубының негізгі құрамында алғаш рет алаңға шығып, дебюттік ойынында-ақ гол соқты. Ол жолдастық кездесудің 6-минутында мергендігімен көзге түсті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Дебюттік матчта гол соқты
17 жастағы Дастан Сәтбай Аустралияның Сидней қаласында өтіп жатқан маусым алдындағы дайындық аясындағы жолдастық кездесуде «ВС Уондерерс» командасына қарсы алаңға шықты.
Қазақстандық шабуылшы өзіне берілген алғашқы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, матчтың 6-минутында қарсыластар қақпасын дәл көздеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ресми түрде тамызда қосылады
Айта кетейік, «Челси» мен «ВС Уондерерс» арасындағы жолдастық матч маусым алдындағы дайындық бағдарламасы аясында өтіп жатыр.
Дастан Сәтбай алдағы тамыз айында кәмелет жасына толғаннан кейін ресми түрде лондондық клубтың ойыншысы атанады.
