Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде тікелей эфир жүргізіп, қоғамдық тәртіпті бұзатын азаматтарға ескерту жасады. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Ведомство мәліметінше, лайк пен донат жинау мақсатында заң бұзған тоғыз стример әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Стримерлер қандай заң бұзған?
ІІМ мәліметінше, құқық бұзушылар тікелей эфир кезінде былапыт сөздер айтып, қауіпті пранктер ұйымдастырған, әдепсіз әрекеттер жасап, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Сот шешімімен олардың бір бөлігіне айыппұл салынса, енді бір бөлігі әкімшілік қамауға алынған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
ІІМ ескерту жасады
Ведомство интернеттегі анонимділік заң алдындағы жауапкершіліктен босатпайтынын ескертті.
ІІМ ескертеді: интернеттегі анонимділік жауапкершіліктен құтқармайды. Заң мен тәртіп цифрлық кеңістікте де қатаң сақталады, – делінген министрлік хабарламасында.
