Басты бет / Жаңалықтар /
Олжас Бектенов
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

«Сізден басқаның бәрі кінәлі екен». Бектенов Алматы облысының әкіміне ескерту жасады

Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің баяндамасын сынға алып, өңірдегі бірқатар жоба бойынша жұмыстың баяу жүріп жатқанын айтты. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әкім қандай есеп берді?

Марат Сұлтанғазиевтің айтуынша, облыста «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жалпы құны 62,9 млрд теңге болатын 10 жобаны іске асыру жоспарланған. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдарға тиесілі төрт жобаның жалпы құны – 4 млрд теңге, ал қалған алты жобаны «АЖК» АҚ жүзеге асырады.

Әкімнің сөзіне қарағанда, жылумен жабдықтау саласындағы екі жоба бойынша мердігерлермен келісімшарттар жасалып, жоспарланған жұмыстың 50%-ы орындалған. Сонымен қатар ол 2027 жылы жалпы құны 23 млрд теңге болатын тағы 14 жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын айтып, келісімшарттар жақын уақытта жасалатынын жеткізді.

Премьер-министрдің сыны

Баяндамадан кейін Олжас Бектенов облыста бірқатар жоба бойынша келісімшарттардың әлі жасалмағанына назар аударып, жұмысты жеделдетуді талап етті.

Премьер-министр әкімнің баяндамасына көңілі толмағанын ашық айтып, жауапкершілікті өзгеге аудармауға шақырды.

Сізді тыңдасақ, сізден басқа бәрі кінәлі екен. Бағана айттым ғой, тездетіңіздер, – деді Олжас Бектенов.

Мақала туралы ойыңыз?

TikTok парақшамызға жазылыңыз

TikTok