Басты бет / Жаңалықтар /
асус ноутбук Zenbook OLED
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қазақстанда әйелдердің көбі қай салада жұмыс істейді? Статистика

2026 жылдың І тоқсанында Қазақстанда жұмыспен қамтылған әйелдер саны 4 млн 527,1 мың адам болды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,6 мың адамға немесе 0,9% көп. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Әйелдердің көбі білім беру және сауда саласында еңбек етеді

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жұмыспен қамтылған әйелдердің 3 млн 602 мыңы (79,6%) – жалдамалы қызметкерлер, ал 925,1 мыңы (20,4%) – өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Әйелдер ең көп еңбек ететін сала – білім беру. Бұл бағытта 902,2 мың әйел жұмыс істейді, бұл барлық жұмыспен қамтылған әйелдердің 19,9% болады. Одан кейін көтерме және бөлшек сауда (877,6 мың адам немесе 19,4%) және денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету (426,3 мың адам немесе 9,4%) салалары тұр.

Жұмыспен қамтылған әйелдер саны қай өңірлерде артты?

Бір жыл ішінде әйелдердің жұмыспен қамтылуы ең көп жылжымайтын мүлікпен операциялар (+25,7%), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету (+21,9%), көлік және қоймалау (+16,2%) және өнеркәсіп (+7,6%) салаларында өскен.

Өңірлер арасында ең жоғары өсім Қарағанды облысында (+7,8%), Ақтөбе облысында (+6,5%), Алматы қаласында (+6,3%) және Түркістан облысында (+6,1%) тіркелді. Сонымен қатар қала тұрғындары арасында жұмыспен қамтылған әйелдер саны жоғары болып, олардың саны 3 млн 8,5 мың адам болды.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram