Басты бет / Жаңалықтар /
Шахта. Жарылыс
Фото: Trt.net.tr

Павлодар облысындағы кен орнында жұмысшы қаза болды

Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы «Майкубен Вест» кәсіпорнында жұмысшы қаза болды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ақпаратты облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті растады.

Жазатайым оқиға бұрғылау-жару жұмыстары кезінде болған

Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің мәліметінше, 1984 жылы туған тау-кен шебері алдын ала бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу кезінде ауыр жарақат алған.

Қайғылы оқиға 24 шілдеде Баянауыл ауданындағы кәсіпорын аумағында болған. Қазір жазатайым оқиғаға байланысты тергеу ұйымдастырылып, оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр, — делінген хабарламада.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook