Басты бет / Білім /
Докторантура
Фото: Liter.kz

Магистратураға түсу үшін 25 мыңнан астам талапкер тест тапсырды

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталғалы 25 мыңнан астам талапкер емтихан тапсырды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша талапкерлердің 46%-ы, ал бейінді бағыт бойынша 27%-ы шекті балл жинаған.

Ең жоғары нәтиже – 134 балл

Министрліктің хабарлауынша, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша орташа балл 76, ал бейінді бағыт бойынша 25 болды. Тестілеудегі ең жоғары нәтиже – 134 балл.

Тестілеу барысында 41 талапкердің нәтижесі жойылды. Оның ішінде 31 адам смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге әрекет жасағаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Ал 10 талапкер емтихан кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, олардың нәтижелері жарамсыз деп танылды.

Апелляцияны онлайн беруге болады

Тестілеу нәтижесімен келіспеген талапкерлер онлайн-апелляция бере алады. Өтінішті емтихан аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде жолдау қажет. Апелляция жеті жұмыс күні ішінде қаралады, содан кейін сертификат талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, ал бейінді бағыт бойынша 30 балл жинау қажет. Биыл магистратураға түсуге 61 мыңнан астам өтініш қабылданып, оқуға 11 мыңға жуық грант бөлінді.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook