Басты бет / Жаңалықтар /
Ревматология орталығы, аурухана

Қазақстандағы барлық перзентханада тексеріс жүргізіледі

Қазақстанда босандыру қызметін көрсететін барлық перинаталдық орталықта ауқымды тексеріс жүргізіледі. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 15 тамызға дейін елдегі 69 медициналық ұйым тексеруден өтеді.

Инфекциялық бақылауға ерекше назар аударылады

Министрліктің хабарлауынша, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті инфекциялық бақылау талаптарының сақталуын бағалайды. Тексерістің негізгі мақсаты – аналар мен жаңа туған нәрестелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу шараларын күшейту.

Сонымен қатар денсаулық сақтау министрі инфекция жағдайларын тергеп-тексеру тәсілдерін қайта қарап, профилактикаға басымдық бере отырып санитариялық қағидалар мен мемлекеттік бақылаудың тексеру парақтарын жаңартуды тапсырды.

Өңірлерде жол карталары әзірленеді

Министрлік инфекцияның әрбір жағдайының туындау себептеріне объективті баға беріп, инфекциялық бақылау жүйесінің тиімділігін арттыруды көздеп отыр.

Сонымен қатар өңірлік денсаулық сақтау басқармалары инфекциялық бақылау мәселелері бойынша жүйелі оқыту ұйымдастыруға тиіс. Тексеріс қорытындысы бойынша әр өңірде инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіруге арналған жол карталары бекітіледі.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook